Бас тақырыпҚарқаралы

Сүт фермасы ашылды

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ауыл шаруашылығы саласын дамытуға айырықша көңіл бөліп келеді. Күні кеше ғана өткен кеңейтілген Үкімет отырысында осы мәселеге жете тоқталған Елбасы «Ауыл шаруашылығы экономиканың драйверіне айналуы тиіс» деп қадап айтты. Бұл мақсатта бірқатар бағдарламалар қабылданып, нақты тапсырмалар берілді. Сәйкесінше, Қарқаралы ауданындағы шаруашылық құрылымдары мал санын арттыру, асылдандыру және өнім өндіру бағытында сүбелі істерді қолға алуда. Бүгінде мал өнімін өндіретін бірнеше кооператив пен цех іске қосылды. Ал, мал тұқымын асылдандыруда «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде тиімді жұмыстар жүзеге асырылуда.

рекесін көріп отырған іргелі шаруашылықтың бірі – Ынталы ауылдық округіндегі «Хамит» шаруа қожалығы. «Әке көрген оқ жонар» демекші, шаруашылық ұйытқысы Хамит ақсақалдың тағылымды тәрбиесін көріп өскен балалары – Мейірман, Ерлан, Бекзат, Бауыржан әке кәсібін жалғастыруда.

Шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасы арқылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 36 млн. теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Бұл қаржыға Ресейдің Хакасия Республикасынан 60 бас симментал тұқымды сиыр сатып алды. Аталмыш тұқым суыққа төзімділігімен ерекшеленді. Етті де, сүтті де мол береді.

 – Ауылда өскендіктен болар, бізге мал шаруашылығы жат кәсіп емес. Өзіміз қалада тұрсақ та, ауылға келіп, 2015 жылы шаруашылықты қолға алдық. Қыстауға ағам Бекзат пен әкем ие. Жұмыскерлеріміз бар. Тұрақты түрде еңбекақы төлеп тұрамыз. Симментал сиырларын сүт өндірісін өркендету үшін алдық. Алдағы уақытта сүт фермасын ашу жоспарда тұр. Симменталдан бөлек, ангус сиырларын көбейтіп жатырмыз. Малды азықпен қамтамасыз ету мақсатында иеліктегі 2800 гектар жерді игеру маңызды болып тұр. Биылдан бастап 260 гектар жерге арпа және көпжылдық шөп егеміз. Сондай-ақ, биылғы қысқа 3 мың тонна шөп дайындалды. Лизингке ауыл шаруашылығы техникасын алдық. Күн сәулесінен қуат алатын панель орнаттық. Жалпы, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктерді мүмкіндігінше пайдаланып отырмыз. Ауыл шаруашылығын өркендетуге арналған бұл бағдарламалар мал өсіремін деген шаруашылықтар үшін қолжетімді әрі тиімді, – дейді шаруашылық басшысы Бауыржан Мұстафин.

 Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»

 

Басқа материалдар

Back to top button