Жаңалықтар

Құс шаруашылығы өркендеуде

    Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ жұмыс сапарымен Бұқар жырау ауданында орналасқан ірі кәсіпорын «Қарағанды Құс» ЖШС-нің құс фабрикасына барды.

Тауық жұмыртқасы өндірісіне маманданған нысанның жұмысымен танысты.

Бүгінде «Falah Growth Fund» тікелей инвестициялар қоры Қарағанды облысында «Заречное» сауда таңбасымен өнім шығаратын құс фабрикасын сатып алу мәмілесін аяқтаған болатын.  «Қарағанды құс» ЖШС  кәсіпорны өнімдері «Alsad» брендімен өндірілуде. Құс фабрикасында 90 адам жұмыс істейді, жақын уақытта жұмыскерлер санын 140 адамға дейін көбейту жоспарланып отыр. Жасалып жатқан қарекет өңірдің экономикасына қолайлы әсерін тигізеді. Салынған инвестиция сомасы – шамамен 3,4 млрд. теңге, жоспарлы қосымша инвестициялар шамамен 1,7 млрд. теңгені құрап отыр. Қордың қаражаты құс фабрикасын сатып алуға және айналым капиталын толтыруға, құстарды және жоғары сапалы үйлестірілген жем сатып алуға жұмсалған. Құс фабрикасы қор өндірісін жаңғыртып және кеңейтіп, жасанды және антибиотиктерсіз экологиялық таза өнім шығаруда. Сонымен қатар, жоғары білікті құс шаруашылығы мамандарын жұмысқа көптеп тартуды көздеп отыр. Құс фабрикасында орнатылған жаңа құрал-жабдықтар істің ілгерлеуіне сеп.

– Құс фабрикасының жұмыс өнімін ұлғайтып, сапалы тауар ұсыну қашанда алғашқы орында тұруы қажет. Құстарға қолайлы болуы үшін жерді кеңейту керек. Сонымен қатар, жергілікті халыққа сатып алу үшін жұмыртқаның бағасы тиімді болғаны дұрыс. Сондықтан, базар, жәрмеңкеден бөлек, әлеуметтік павильондарға да жұмыртқаны арзан бағада сатылымға қою керек,– деді Ерлан ҚОШАНОВ.

Құс фабрикасының әлеуеті зор. Толық өндірістік қуатына 2018 жылдың наурыз айында шығып, жылына 150 млн. жұмыртқа шығармақшы. Өнім картоннан жасалған жоғары сапалы эко-қаптамаларды таныстырды. Қаптамалар жұмыртқалардың ұзақ сақталуына және пайдалы қасиеттерін жоғалтпауына себептігін тигізеді. Құс фабрикасының өнімдері Қарағанды, Астана, Алматы қалаларының нарығында, одан әрі Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аймақтарында сатылатын болады. Ішкі нарықтан бөлек, құс фабрикасының өнімі Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан елдеріне экспортталады. Келешекте БАӘ елінің нарығына да экспортталады деп жоспарлануда.

Құс фабрикасының өндірістік директоры Хендрик де Ягер: «Алдыңғы бірнеше айда «Қарағанды Құс» фабрикасын толық өндірістік қуатқа енгізуді, халықаралық стандарттар мен таза өнім сертификаттарына сай жоғары сапалы өнім шығаруды жолға қойдық. Халық экологиялық таза өнімді тұтынатын болады. Бір айта кетері, біз құстың тамақтануына үлкен мән береміз. Оның құрамын, дайындалуын кәсіби мамандар мұқият зерттеп отырады. Себебі, тауықтардың өнім беруі де осыған тікелей байланысты. Сонымен қоса, фабриканың басты қызметкерлерін аймақтың ең жақсы құс фабрикаларында оқытуды жалғастыра береміз», –деді.

Алмас АЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

– Қарағандыдағы құс фабрикасында жұмыстың барлығы автоматты түрде жүзеге асырылады. Сатып алынған заманауи технология жылу жүйесін де қажет етпейді. Қазір құс фабрикасында 490 000 құс бар. Оның 140 000-ы – балапандар. Оларға бүгінде күтім жасалуда. Өнімнің сапасын жоғарылатып, шығарылымын ұлғайту басты бағытымыз.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button