Тарих

Сүргіндегілер: ғылыми сектор

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Биыл жаппай саяси қуғын-сүргін жылдарының басталғанына – 81 жыл, ашаршылық зұлматына – 86 жыл. Қазір архивтерде көптеген жылдар бойы құпия сақталып келген құжаттар ашылуда. Беймәлім, жаңа деректер тарихи сананы жаңғыртады.

Осы орайда, облыстық ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архивінен еңбекпен түзету лагерінің ғылыми-зерттеу секторы құжаттары сақталған №26 қордан  мынадай деректерді алға тартуға болады.  Архивтің №26 қордағы, №3-1 тізімдегі 64 істе 1933-1938 жылдар аралығын қамтитын құжатта КАРЛАГ НКВД ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік мақсатта жаздық егістендіру, тұқымдық репродукциялау, әр түрлі дәндік дақылдарды селекциялау жұмыстары жүргізіліп отырғаны жазылған.
КАРЛаг НКВД бір бағытында Орталық тәжірибелік бақшасында әртүрлі сорттағы дәнді-дақылдар: бидай, бидай-көже, арпа, сұлы, күздік бидай, күздік қара бидай, үрме бұршақ, нұт,
бұршақ, жүгері, тары, құмай жүгері, майбұршақ пен көкөніс түрлерін өсірген.
Тағамға пайдаланатын консервілеуге, бұқтыруға, кондитерлік өнімдерге қосуға болатын «physalis» жидек түрлерін де шығарған. Мал қорегіне өте пайдалы пенизетум, тэфф, элеузине, эрагростис, америкалық бидайық, еркекшөп, қылтықсыз арпабас, жоңышқа сияқты жемшөп дақылдарын еккен.
Архивтің №26 қордағы, №3-1 тізімдегі 64 істің 2-бетінде Орталық Қазақстанның шөлейтті жерлеріндегі агротехника сұрақтары бойынша тәжірибелік жұмыстарды игеру үшін КАРЛАГ НКВД өздерінің стационарлық жүргізген зерттеу жұмыстарының есебін В.Ленин атындағы Бүкілодақтық ғылым академиясының жем-шөп институтына жіберіп отырған.
№26 қордағы, №3-1 тізімдегі 64 істің 5-бетінде 25.12.1933 жылғы ВАСХНИЛ Қазфилиалы Президиум өкілі Н.Ахметовтің КАРЛАГ НКВД басшысына жазған хатында ОГПУ жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесімен, ғылыми-зерттеудің бағдарлама мен қолданған әдіспен жүргізген жан-жақты жетістіктерін ерекше атап өтіп, бірқатар салалық шаруашылық туралы ВАСХНИЛ Қазфилиал Президиумындағы келесі отырысқа:

1) табиғи ресурстар зерттеуі (климат, топырақ, өсімдіктер шаруашылығы мен су ресурстары),

2)тәжірибелік ғылыми-зерттеу жұмыстары, жер суару, көкөніс өсіру тәжірибе бақшасы,

3) тәжірибелік зерттеу жұмыстары, мал өсіру мен ветеринариялық лабораториясы жүргізген жұмыстары туралы баяндама дайындауға ұсыныс берілгендігі туралы жазылған.
Аталған қордың 16 бетінде жазылғандай 1933-1934 жылдардағы Қазақстанның топырақ-агрохимиялық картасын дайындау мақсатында КАРЛАГ НКВД ғылыми-зерттеу кабинетінің
тәжірибелік жұмыстарының көшірмесін Қазақстан білім-зерттеу институты тыңайтқыш пен топырақтану филиалы (КИУА ) сұратқаны мәлім болды. 
Ал, 20-бетінде КАРЛАГ НКВД Орталық тәжірбиелік бақшасының дәндік дақылдарын СИБЛАГ НКВД басқармасы сұрыптық сынақ жасау үшін Солтүстік Дакотская, Айвари Кинг, Минезота жүгерінің дәндік дақылдарын сұратқан.
56 бетінде жазылғандай КАРЛАГ НКВД дәнді-дақылдар бағыты бойынша сұрыптандыру әдісімен өсірілген қара бидай «Долинская» түрі Бұрынғы Кеңес Одағында өзінің құрғаққа төзімділігімен, мол өнімділігімен әйгілі болған.
95-бетінен КАРЛАГ НКВД «Долинская» атты қара бидай мен тары түрі 1939 жылы ВСХВ Бүкілодақтық ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде жоғарғы баға алып, І дәрежелі диплом берілгендігі туралы 25.05.1941 жылғы №121(1425) «Социалистік Қарағанды» газетінде жазылған. Сонымен қатар, ВСХВ Бүкілодақтық ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне қатысуын растайтын хабарландыру қағазы сақталған.
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында дөңгелек үстел және архивте сақталған СХОС мекемесінің құжаттарынан көрме ұйымдастыру жоспарланып отыр. Олардың алдында бүгініміз үшін қарыздар екенімізді ұмытпайық.

А.СЫРМАНОВА,
облыстық ғылыми-техникалық
құжаттама жөніндегі мемлекеттік
архивтің архившісі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button