Облыс әкімі

Құс фабрикасының аумағында шектеу қойылды

Абай ауданында «Орталық құс» ЖШС аумағында құстардың өлім-жітімі тіркеліп, олардың саны 16,283-ті құраған (жалпы көлемі – 800, 000).

Құс фабрикасы директорының айтуы бойынша құстардың өлім-жітімі жаңадан жеткізілген жеммен азықтандырғаннан кейін басталған.

Құстардың өлім-жітімі туралы ақпарат алынғаннан кейін Абай ауданының ветеринар мамандары оқиға орнына жетіп, қан сынамасын және патологиялық материалды алуды жүргізіп, оны «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы» РМК-ға жеткізген.

Зертхана зерттеулерінің нәтижелері бойынша сальмонеллеза қоздырғышы табылған. Құстардың жоғары патогендік тымауы мен Ньюкасл аурулары анықталған жоқ.

Бүгінгі таңда Абай ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторлары «Орталық құс» (Құрма) ЖШС аумағына шектеу іс-шараларының салынғаны туралы аудан әкіміне ақпарат берді. Өлім-жітімге ұшыраған құстар ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтай отырып, кәдеге жаратылды. Құс фабрикасының аумағында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, өнімді шығаруға тыйым салынды.

Бүгінгі таңда құстардың өлім-жітімі тоқтады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button