Руханият

Сұңқар Сәкен

(Ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына)

Сөзі мен әні: Боташ НОҒАЕВАНІКІ

Ұлы есімдер қайтсе де жаңғырады,
Ұлылардың селдейді жаңбыр әні.
Салауатты әлемің Сәкен аға,
Жарқылдатып сезімді
жандырады.

Қайырмасы:

Ахоу,
Сұңқар Сәкен, Алаш Сәкен!
Ел үшін еңіреген дара Сәкен!
Қоса өртенген
халқымның күйігімен,
Азаматтық рухыңа сүйініп ем.
Ұлы бейнең бүгін де ел туындай,
Толқындайды бір ғасыр биігінен.

Қайырмасы:

Ахоу,
Сұңқар Сәкен, Алаш Сәкен!
Ұрпаққа үлгі дастан – дана Сәкен!
Көңілімнің, жан аға,
жазындайсың,
Домбырамның ең асқақ
сазындайсың.
Шарапаты өзіңдей асылдардың,
Ғұмырымның жайлауы
жасыл – байсын.

Қайырмасы:
Ахоу,
Сұңқар Сәкен, Алаш Сәкен!
Мәңгілік есте қалған тұлға Сәкен!

Басқа материалдар

Back to top button