ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты биылғы Жолдауында Елбасы құрылыс және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу қажеттігін айтқан болатын.

Бүгінгі таңда еліміздегі барлық саладағы жұмыс істейтін халық толығымен ақпараттық технологияларды игеруде. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру кезеңі бастау алған болатын. Қазіргі уақытта құрылыс саласындағы заңнама «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарынан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесінен және басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. BIM-технология (Building Information Modeling) дегеніміз – құрылысты жобалау, тұрғызу және пайдалану туралы мәліметтердің дұрыс үйлестірілген цифрлық базасы. BIM-технология құрылыс нысанының барлық кезеңін қамтиды және үйлестіреді. Қазіргі уақытта дамыған елдерде бұл технология кеңінен қолданылады. Цифрландыру, ақпараттандыру, Smart city қалыптастырудың барлығы ақпараттық модельдеу технологиясына бағынышты. BIM-архитектор, BIM-инженер, BIM-технолог мамандары құрылыстың барлық бөліміндегі ақпараттық мәліметтерді 3D-модельде біріктіріп, инвестор, тапсырыс беруші, құрылысшы, пайдаланушы арасындағы жұмысты тиімді ұйымдастырушы болуы керек.

 Құрылыс саласында көп жұмыс жасалып жатыр, жасалды да. Қазіргі уақытта  ең маңыздысы үй мәселесі. Оның ішінде халықтың ПИК-терге (Пәтер иелері коопреативтері). Сіз олардың қазыметі үшін ақша төлейсіз. Бірақ, олардың не істеп, не қойып отырғанын білмейсіз. Жөндеп отыр ма, жоқ па? Таңертең келіп, кешке кетесіз. Ал цифрландыру жүзеге асса, соның барлығы айқын, көз алдыңызда болады. Трансформация жасаса, сіз өзіңіздің ұялы телефоныңыздан порталға кіріп, жүзеге асып жатқан жұмыстарды көре аласыз. Материал алса, қандай бағамен алып жатыр, жоспар бойынша жұмыстар жасалып жатыр ма, төлемақысы қанша, жалақысы қандай екен деген сияқты. Сосын барып өз пікіріңізді айта аласыз. Бұрынғыдай ПИК жиналысына қатыса алмай, маңызды мәселелерді естімей қалу жоқ. Күнделікті, кез келген жерде, кез келген уақытта уәжіңізді жеткізе аласыз: бізде жарық жанбайды, мына жұмыстарыңыз дұрыс емес – деген секілді пікіріңізді бірден жеткізе аласыз. Мұның бәрі порталға тіркеледі. Сіздің пікіріңіз түгел жазылып қалады. Сосын ол жүйеге әкімшілік те қосылады.

Сонымен қатар, құрылыс саласын цифрландырудың маңызының біріне мысал кетірейік. Өте қарапайым мысал: қазір үйдің макетін қағазбен сызбай, компьютерде жасауға болады. Сол инфрақұрылым ішіндегі кем-кетікті тінтуірді әрі-бері жылжытып-ақ көре аламыз. Цифрландыруға көшудің басы осы. Бұл өте тиімді. Жұмыстарға келсек, салаға қатысты бүкіл заңдарымызды сәйкестендіруіміз керек. Ол көп жұмыс. Оны енгізбесек, жаңағы қарапайым жұмыстардың өзін іске қосу қиын. Өйткені жоба жасап жатқанда «біздің заңдарымыздың бұған сәйкестігі қандай?» деген мәселе туындайды. Сосын оны тексеру мәселесі туындайды. Ондай технологиялар негізі көп әлемде.

Бізге тенхнологияларды тек импорттап қана қоймай оларды барынша дамыта түсу қажет. Бір орында тұралап қалуға болмайды. Бізге бірлесе әрекет ету керек. Жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны тиімді пайдалану арқылы біз бәсекелестікті арттыра аламыз.

Құлынтай Монай