Қарағанды

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелер ішіндегі маңыздысы әрі құрметтісі – құрылысшылар күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке – сәулетшіліктің абыройлы мақсатын орындап жүрген көптеген кәсіп иелеріне қатысты мейрам. Олар – сәулетшілер, дизайнерлер, прорабтар, тас қалаушылар. Бүгінгі таңдағы заманауи құрылысқа аса қажетті мамандықтарды тізбелеп шығу мүмкін емес.

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүктеген міндеттер мен тапсырмаларды мүлтіксіз ор­ындауда бұл саланың маңызы өте зор. Бұл саладағы тиімділіктер ел дамуы мен адамдардың өмір сүру деңгейін анықтауға ауқымды тұрғыда ықпал етеді. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мен жетістіктеріне ел құрылысшыларының қосқан үлесі өлшеусіз.

Олардың тынымсыз еңбегінің арқасында аймағымызда үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама табысты жүзеге асырылуда. Жыл сайын жаңа ауруханалар, мектептер, бала­бақшалар мен мәдениет ошақтары бой көтеруде. Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы да қарқын алды. Сондай-ақ, жаңа құрылыс нысандарының көлеміне ғана емес, пайдалануға берілген нысандардың сапасына баса назар аударылып отыр.

Мұның барлығы Қарағанды қаласында құрылыс саласының табысты дамып келе жатқандығын көрсетеді. Саланың техникалық жабдықталуы нығайып, құрылыс саласына жаңа технологиялар енгізу үрдісі мен құрылыс материалдарының өндірісі қарқынды дамып келеді. Бұл жетістіктер осы саланың алдында тұрған ауқымды міндеттерді оң шешуге мол мүмкіндік береді.

Құрметті құрылысшылар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің жасампаз еңбектеріңізге деген біздің шексіз алғысымызды қабыл алыңыздар. Орталарыңыз бен айналаларыңыз мейірім мен сұлулыққа толып, еңбек ету мен өмір сүруге барынша қолайлылық бола берсін!

Сіздерге және Сіздердің жақындарыңыз­ға мықты денсаулық, бақыт, амандық және еңбекте табыс тілейміз.

Н.Әубәкіров,

Қарағанды

қаласының әкімі.

Қ.Бексұлтанов,

Қарағанды қалалық

мәслихатының

хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button