Облыс әкімі

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің мамандық ежелден-ақ сый-құрметке ие. Қарағанды облысының елдің индустриялық жүрегіне айналуына, өңірдің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына, әсіресе, Сіздердің шеберліктеріңіз бен елеулі еңбектеріңіздің үлесі зор.

Сондықтан, қазіргі күні, Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен егемен Қазақстанның жеткен жетістіктерін сөз етеміз.

Президент тапсырмасын орындай отырып, Қарағанды облысы «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламаларын жү­зе­ге асыруға ат салысуда.

Біздің қалаларымыз бен селоларымыз күннен күнге көркейе түсуде. Облыста жаңа мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар және тұрғын үйлер пайдалануға беріліп келеді. Құрылыс компанияларының техникалық жабдықталуы жақсарып, құрылыс материалдарының өндірісі мен құрылыс өндірісінде жаңа, заманауи технологиялар қолданылуда.

Төзімділік, ұқыптылық, шеберлік, үйлестірушілік – құры­лысшы мамандығының ерекше қырлары.

Облысымыздың құрылыс индустриясы дамуының тарихында аса шебер құрылысшылардың – өз ісінің майталмандарының есімдері алтын әріппен жазылды.

Еңбек дәстүрінің бастауында тұрған сала ардагерлеріне де ерекше алғыс білдіреміз!

Қарағанды облысының құрылыс ұйымдары бай тәжірибесімен, қуатты әлеуетімен ерекшеленеді.

Осы күні аймағымыздың құрылысшыларына Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлестері үшін алғыс арнаймыз.

Кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында, Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, баянды бақыт, амандық, жасампаз еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button