Жаңалықтар

Құрметті «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымы!

Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз – облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Қарағанды облысы үшін «Орталық Қазақстан» газетінің орны ерекше. «Орталық Қазақстан» газеті қазақтілді оқырманын тұщымды ойларымен, өткір мақалаларымен қуантып жүрген жасампаз басылымдардың бірі. Тарихын тереңге тартқан ата басылымда осы жылдар ішінде қаншама зиялы қауым өкілі қызмет етті. Газеттің шығармашылық ұжымы қаншама талантты жастың қа­натын қатайтып, әдебиет әл­еміне қанаттандырды. Ұрпақтар сабақ­тастығына негізделген осы игі үрдіс бүгінде өз жалғасын табуда.

Қарағанды – өндірісімен та­ныл­ған кенішті шаһар. Майталман жур­налистер өндіріс өлкесінің өмірін, Сарыарқаның кең даласындай кеңпейіл халқының тұрмыс-тіршілігін, шалғайда орналасқан ауылдарының тынысын қасиетті қаламның ұшымен жазу арқылы өткір мәселелердің шешім табуына сеп болса, жергілікті халық өздерінің мұң-мұқтажын, тілек-өтініштерін, көкейде жүрген ой-толғамдарын газет арқылы билікке жеткізіп келеді. Ал, шығармашылық ұжым, авторлар қоғамдағы саяси, рухани және мәдени ахуалға зор ықпал етуде. Газет шежіресі – бір өңірдің тұтас тарихы десек, артық айтпаспыз.

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті де сіздермен шығармашылық қарым-қатынаста. Білім ордасының профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттары өздерінің тұщымды ой-пікірлерін әр кез газет бетіне жариялап келеді. Дарынды студенттеріміз сіздердің шығармашылық ұжымда өндірістік іс-тәжірибеден өту арқылы мол тәжірибе жинақтап жүр.

Облысымыздың айнасына айналған «Орталық Қазақстан» газетінің ғұмыры ұзақ болсын!

Тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі үшін және облыстың өсіп-өркендеуі үшін атқарып келе жатқан игі істеріңізге нұр жаусын! Тек табыс биігінен көріне беріңіздер, көзіқарақты оқырмандарыңыздың қатары арта түссін!

Е.Көбеев,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button