Облыс әкімі

Құрметті облыс тұрғындары!

Ертең бүкіл еліміз бойынша төл тарихымыздың қасіретті жылдарынан ой қорытатын сәт. Міне, осымен жиырмасыншы рет Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі.

Біздің елімізге миллиондаған адамдар жер ауда­рылды. Нәтижесінде, бұл күні әрбір қазақ­стандық от­ба­сының тағдырын қуғын-сүргіннен немесе жер аударылудан бөлек алып қарауға болмайды.

Тоталитарлық режим, тек, жеке тағдырларға ғана балта шаппай, тұтастай халықтар зардап шекті. Жазық­сыз жазалау көптеген қазақ зиялыларын – ақиқаттың алдында өлімге бас тіккен жандардың көзін жойды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінің ашы­луында: «Қасіретті жылдары 1 миллион 500 мың адам жер аударылып келді. Уақыттың сұ­рапыл сәттеріне бас имеген қазақ халқы сол адамдарды жылы қарсы алды. Соның нәтижесінде, тоталитаризмнің қанды қырғынына төтеп бере алды» деген болатын.

Тәуелсіздік жылдары қазақстандықтардың осы зұлмат жылдардан үлкен сабақ алғандығын көрсетті. Біз жазықсыз сотталғандардың, өз халқына деген сүйіспеншілігі үшін зардап шеккендердің, туған жерінен қудаланғандардың рухына бас иеміз.

Бүгінгі Қазақстан – бұл ашық, демократиялық және азаматтары бейбіт күнгі еңбегінің жемісін көрген құқықтық мемлекет. Біздің ортақ мүддеміз – ата-баба­ларымыздың бірнеше буыны аңсаған гүлденуші және әділ қоғам құру.

Қасіретті жылдардың қайталанбауы үшін, біз жас буынды толеранттылыққа, өзгені сыйлай білуге тәр­биелеуіміз қажет.

Баршамызға бейбіт аспан тілейміз, қадірлі жер­лестер!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button