Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Наурыз айының бастауында біздің елдің азаматтары бір-біріне құрмет көрсетіп, алғыстарын жеткізеді. Әрі бұл күн ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудың іргетасына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен дөп келуде.
Алғыс айту күні – бұл көп ұлтты Қазақстан азаматтарының патриотизмінің көрінісі. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз бен жетістігіміз болып табылады.
Біз кешегі алмағайып заманда қуғын мен қысым көрген этнос өкілдеріне қазақ халқының жасаған жақсылығын, кеңпейілділігі мен достық құшағын ұмытпауымыз керек. Біздің жеріміз миллиондаған адамға Отан бола білді. Мұнда әр ұлттың өкілдері тұрақ теуіп, бақыттарын тапты.
Өткен тарихымыз шынайы гуманизмнің қандай боларын көрсетіп берді. Миллиондаған адамның тапталған тағдырлары, олардың жергілікті халықпен бауырласа білуі бізге әлемде жоқ рухани байлық пен теңдессіз мәдениет қалыптастыруға мүмкіндік берді. Елбасымыз атап өткендей, «Алғыс айту күнін атап өте отырып, біз, бір жағынан, халқымыздың рухани қаһармандығына құрмет көрсетіп, өткенге көз жүгіртеміз. Екінші жағынан, адамгершіліктің негіздері арқылы жол тартылған болашаққа зор сеніммен қараймыз».
Бұл күн бізге сыйластық қадірін, айналамыздағы адам­дарға жақсылығы үшін алғыс айта білуді және күнделікті тұрмыста шынайы алғыс айтудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетті.
Бүгін біз өткен бабаларымызды, туыстарымыз бен жақындарымызды, ардагерлер мен ұстаздарымызды, достарымызды құрметпен еске аламыз.
«Рақмет» сөзі әлемдегі «қасиетті сөздер» қатарына бекерге кірген жоқ. Өйткені, осы бір ауыз сөздің өзі ғажайып өзгерістер әкеле алады.
Бұл күн қазақстандықтардың шынайы достығы мен іргетасы, берік бірлігінің айқын көрінісіне айналды.
Қазақстанды дамытуға, бірлік пен татулықты сақтауға қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге зор алғыс айтамыз.
Халықтар достығының символына айналған осы бір күннің құрметіне сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт,
ел игілігі жолындағы еңбектеріңізде жаңа табыстар тілейміз!

Е.Қошанов,
Қарағанды облысының әкімі.
С.Өтешов,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.