Жаңалықтар

Құрметті әйелдер!

Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі – 8 наурыз Әйелдердің Халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бұл күнді біз көктемнің келуімен, сұлулық пен нәзіктікпен, отбасы жылуымен және өмірдің өзінің қайта түлеуімен байланыстырамыз. Сондықтан, осы күнді Сіздерге, біздің сүйіктілеріміз, қымбаттыларымыз – әйелдерге арнаймыз.
8 наурыз – әйелдер құқығын білдіріп қана қоймайды. Бұл, сонымен қатар, әйелдің біздің қоғамдағы ролінің, белсенді азаматтық ұстанымының белгісі. Қарағанды облысын дамытуда – білім және денсаулық сақтау саласындағы, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы және ауыл шаруашылығындағы әйелдердің үлесі ерекше.
Облысымыздың осы бір нәзік жандары саяси және экономикалық даму процесіне қатысып, кәсіпорындар мен ұйымдарды сенімді түрде басқаруда, табысты қоғам қайраткерлеріне айналуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасынан әйел мүддесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс жасайды, әр түрлі саладағы әйелдердің шынайы теңдікке жетуіне ықпал ететін Гендерлік теңдік стратегиясы жүзеге асырылуда.
Облыста ана мен баланы қорғауға бағытталған бағдарлама жүзеге асырылуда. Аурухана, мектеп, балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің құрылысы жүргізілуде. Себебі, бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу­де, әйелдер тұрмысы мен денсаулығын жақсартуда маңызды.
Сіздер қиын да күрделі міндеттерді бағындыра білдіңіздер, сіздер бізді жаңа жетістіктерге жетеледіңіздер. Махаббат, отбасы, адалдық сияқты біздің мәңгілік құндылықтарымыз Сіздердің арқаларыңызда баянды. Өмірді қалыптастыру мен жалғастырудағы, еліміздің дені сау, ақылды және қайырымды ұл-қыздарын тәрбиелеудегі сіздердің үслестеріңіз орасан. Сіздердің қолтаңбадан мейірімділіктің лебі еседі.
Жүректеріңіздің кеңдігі, шексіз шыдамдылықтарыңыз, баға жетпес қолдауларыңыз, еңбекқорлықтарыңыз, энергияларыңыз бен жан жылуларыңыз, түсі­ністіктеріңіз үшін, әлемді жарқын, қайырымды, сұлу ете алатындықтарыңыз үшін және ер-азаматтарды жарқын істерге жетелейтіндіктеріңіз үшін алғыс айтамыз.
Құрметті әйелдер!
8 наурыз мерекесімен сіздерді тағы да шын жүректен құттықтаймыз. Барлық бастамаларыңызға табыс, мықты денсаулық, бақыт, отбасы амандығын тілейміз. Туғандарыңыз бен жақындарыңыздың махаббатына бөленіп, көркем жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Е.ҚОШАНОВ,
Қарағанды облысының әкімі.

С.ӨТЕШОВ,
облыстық мәслихат
хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button