Жаңалықтар

Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері!

00

Сіздерді Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат қызметкерлері күні кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

1997 жылы БАҚ туралы Қазақстан Республикасының алғашқы заңы қабылданып, ол «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы деп аталды. Осы жылдан бастап тілшілер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келеді.   Бүгінгі күнге дейін газет журналистері, телеарна, радио және баспасөз қызметкерлері халықтың пікірлерін тыңдап, қоғамдық көзқарастарын  қалыптастырып, оларды жарыққа шығаруда.

Қазақ журналистикасының өзіндік мектебі қалыптасып,   бұқаралық ақпарат құралдары уақытпен үндесіп даму көшінің бел ортасында келеді. Сіздердің қатарларыңызға өзіндік қарым-қабілетімен ерекшеленетін жас журналистер толқынының қосылуы да бізді қуантады. Баспасөз – билік пен халықтың дәнекері, аймақта осы байланысты тереңдететін байыпты, байсалды шығармашылық ұжымдардың еңбегі әрқашанда бағалауға лайық. Журналистиканың қиындықтарын қайыспай көтеріп, міндеттеріне барынша адалдық танытып жүрген әріптестерге тек сәттілік тілейміз.

Сіздерге өте маңызды және жауапкершілігі мол борышты тапсырма жүктелген. Елiмiздегi бұқаралық ақпараттық құралдарына артылған жауапкершiлiк қай кезде болмасын ерекше. Бүгiнгi жаһандану заманында байланыс пен ақпараттың алар орны ерекше. Осындай кезеңде сiздер халықты жедел ақпаратпен сусындатып, жаңалықтың жаршысына айналып отырсыздар.

Елбасымыздың өзі  ақпараттық сала – бұл заманауи мәдениеттің ажырамас бөлігі екенін атап көрсете отырып, журналистердің басты қағидаларының бұрыннан қалыптасқанын тілге тиек еткен. 

Журналистер билiк пен халық арасындағы байланысты қамтамасыз етiп, тұрғындардың тұрмысының жақсаруына үлес қосып келедi. Заман ағымындағы журналистердің еңбегі халықтың көз алдында өтіп жатыр. Сол үшінде сіздерге сәттілік тілейміз!

 

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН,

МӘРТЕБЕЛІ

МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ!

 

Қадірлі қалам ұстаған қауым, сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Атқарған еңбек  пен төккен тер Тәуелсіздікті  тұғырлы етуге жұмсала берсін. Қасиетті қаламның құдіреті шығармашылықтың шыңына көтеріп, абырой-беделдің биігінде асқақтатсын. Мереке құтты болсын!

 

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының

әкімі.                               

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қалалық

мәслихатының

хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button