Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! Қымбатты спортшылар және спортсүйер қауым!

Біздің елдің спортшы қауымы ертең өздерінің кәсіби мерекелері – Спорт күнін атап өтеді.

Бұл мерекені біздің де жүз мыңдаған азаматтарымыз жасы мен кәсібіне қарамастан ортақ мереке ретінде атап өтеді. Олар үшін спорт, дене шынықтыру өмірлік ұстанымына айналған.

Салауатты өмір салтына еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ерекше мән беретіні баршаға мәлім. Салауатты өмір салтын насихаттау, спорттағы жетістіктеріміздің дәстүрін сақтау адамгершілік құндылықтардың жаңғыруына, ұлт денсаулығын жақсартуға, шымыр және дені сау жас ұрпақты тәрбиелеуге ықпал етеді. Сондықтан, салауатты өмір салтын ұстану қазақстандықтар арасында күннен-күнге басым қолдауға ие болып, спортшылардың өмірлік ұстанымы қалың елге үлгі болып, денсаулықтың кепілі – спортпен шұғылдану екендігін бұқара терең түсінуде.

Осынау ұғым қазақстандық, қарағандылық спортшыларға серпін беріп, түрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларда жетістіктерге жетуіне ықпал етуде.

Қарағандылық спортшылардың жеңістері егеменді Қазақстанның қоржынын толтыруға қомақты үлес қосуда. Ал, жеңімпаз жерлестеріміздің есімдері әлемге кеңінен танылуда.

Әрине, орасан жетістіктерге жету үшін Мемлекет басшысының спорт саласына деген қамқорлығы оң ықпалын тигізуде.

Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар және спорт­­сүйер қауым мен дене шынықтыру саласының ардагерлері!

Спортқа деген құлшыныстарыңыз үшін, салауатты өмір салтын насихаттағандарыңыз үшін, жоғары дәрежеге жету жолындағы жанқиярлықтарыңыз үшін ерекше алғыс айтамыз. Сіздерді шуақты мереке – Спорт күні­мен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор дансаулық, бақыт, амандық, асқақ рух, сондай-ақ, әрине, Қарағанды облысының ғана емес, тұтастай Қазақстанның абыройын асқақтатар жаңа жетістіктер тілейміз!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат хатшысының

міндетін атқарушы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.