ӘдебиетБас тақырып

Құралай салқыны

Арқада – зауза!
Көк аспан төсі иініп,
Жақындап күндер жауын мен
қары аралас.
Тіршілік біткен болған жоқ
әлі киініп,
Көлімдей жатыр жалаңаш…
Арайлы таңда бозамық сағым
дірілдеп,
Қияқтар шықпен сәресін ішіп
ертесін.
Осы кез жатты Арқаның төсі
дүбірлеп,
Келген соң түздің еркесі…
Шырқап бір сазды қараторғайлар
тау-талдан,
Әнімен тербеп даланың мына өзін де.
Дүбірлеп келіп киіктер шықты
жалтаңнан,
Сұлулық тана көзінде.
Жалтаңда лақтап, күн салмай
олар араға,
Лаққа құлап жеріне жетер алқынған.
Бетбақты бетке ап шерумен кетіп
барады,
Лағы да ширап салқыннан…
Арқада – зауза!
Көк аспан төсі иініп,
Жетті ғой күндер жауын мен
қары аралас.
Құралай айы!
Дүниенің мынау күйін ұқ,
Әлі де жатқан жалаңаш…

Төрехан МАЙБАС

1974.

Басқа материалдар

Back to top button