Пікірлер

Президент сөзі – сенім кепілі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысындағы сөзінде медицина қоғамдастығының проблемаларына мемлекет тарапынан айрықша назар аударылып, дәрігерлер қауымының мүмкіндіктері молая түсетіні айтылғаны бізді қуанышқа бөледі.

Пандемия тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшуге мәжбүр еткен күрделі жағдайда, медицина қызметкерлері ұлтжандылық пен төзімділіктің үлгісін таныта білді. Халықтың денсаулығын қорғау шаралары, арнайы медициналық мобильді топтар блок-бекетте және инфекциялық ауруханаларда жанқиярлық жұмыстар атқарылды. Ақ халатты жандардың атына жағымсыз пікірлер айтылған кездер де болды. Алайда, халық денсаулығына жауапты мамандар өз міндеттерін мүлтіксіз атқара берді. 

 Президенттің сөзі біздің көңіліміздегі ертеңгі күнге деген сенімді нығайта түсті. Біз мына жайтты анық білеміз, өз кәсібінде дамуға деген ынтасы бар медицина қызметкерлері алдағы кезеңде де ел мүддесі жолындағы қызметтерін талап деңгейінде жүргізе беретін болады. Мұның басты негізі – елдің үміті, Мемлекет басшысының сенімі және біздің антқа адалдығымыз.

Гүлнәр ЕСІМСЕЙІТ,

№1 Теміртау қалалық емханасының директоры. 

Басқа материалдар

Back to top button