Бас тақырыпПрезидент

Президент көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіретін заңға  қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұқтаж отбасыларды қолдау жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған.  

Атап айтқанда, құжат атаулы әлеуметтік кө­мек көрсету критерийін ең тө­менгі күнкөріс деңгейінің 70 процентіне дейін ұлғайтуды көздейді. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылардағы әрбір балаға 20789 теңге (55 доллар) мөлшерінде төлем жасауға шешім қабылданды, мүгедек балалары бар отбасылар үшін жәрдемақы көбейді.

 

Басқа материалдар

Back to top button