Президент: «Азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына жол берілмейді»

Бүгін Мемлекет басшысы ел халқына арналған үндеуінде күнделікті тұтынатын тауар бағаларының негізсіз қымбаттауына жол берілмейтінін айтты.  

«Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты, қаражат бар. Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аудартқым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді», — деді Мемлекет басшысы.