Ресми

Президент Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын» делінген ресми жарлықта.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Басқа материалдар

Back to top button