Жаңалықтар

Премьер-Министр студенттердің жатақхана мәселесін шешуді тапсырды

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында студент жастарды жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.  Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова және Жамбыл облысының, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері бұл мәселені шешуге қатысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы тапсырмасы бойынша, Үкімет 2022 жылға дейін 75 мың студентті жатақханамен қамтамасыз ету керек. Жаңа ғимараттарды тұрғызуға оқу орындарының өз қаржылары немесе инвесторлардың капиталы тартылады. 

Премьер-Министр жатақханаларды пайдалануға берудің нақты жоспарларын әзірлеп, орындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Осы бағытта инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру қажет. Жатақханалар салуды бірлескен күш-жігермен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жалғастыру қажет. Бұл ретте қолда бар тетікті негізге алып жұмыс істеу керек, себебі жатақханалар құрылысына бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді.  

«Әкімдер ректорлармен және оқу орындарының басшыларымен бірлесіп, студенттер жатақханаларын салу жұмысын жандандырып, жоспарланған нысандарды уақытында тапсыруды қамтамасыз етсін, қымбат жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тоқтатсын», — деп тапсырды ҚР Премьер-Министрі А. Мамин.

Басқа материалдар

Back to top button