Жаңалықтар

Полицейлер ерлігіне құрмет

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментіне қарасты Қаражал – Сәтбаев қалалық ішкі істер бөлімдерінде қызмет бабында қаза болған қызметкерлердің құрметіне мемориалдық ескерткіш ашылды.

Мамандардың айтуынша Қарағанды облысында қызмет бабында жүріп, бейбіт заманда 26 қызметкер қаруланған қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан көрінеді. Солардың ішінде, Бақыт Иманбеков пен Алмат Бекжігітов ерлігімен ел есінде қалған. Бұзақы топтың қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл болу кезінде 1998 жылы дүне салған. Әріптестер бұл күнді жабыға еске алды.

 Сондай-ақ, игі шараның соңы Сәтбаев қалалық Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің салтанатты шеруіне ұласты. Осы күні қалалық мәдениет үйінде қалалық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің дайындаған концерттік бағдарламасы көрерменнің көңілінен шықты. Сонымен қатар, «Үздік учаскелік полиция инспекторы», «Үздік кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу инспекторы» және «Үздік жол патрульдік полиция инспекторы» номинациялары бойынша сақшылар марапаттады.

Облыстың ІІД баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button