Парламент Астана қаласының атауын өзгертуді мақұлдады

Қазақстан Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елордамыздың атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсынысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында талқыланды. Депутаттар Астана қаласының атауын өзгерту туралы заң жобасын екі оқылымнан кейін қабылдады.

«ҚР Конституциясына сәйкес, Үкімет Ата Заңымызға Астананың атауын өзгерту туралы түзету енгізу үшін Республикалық референдум өткізу жөнінде ҚР Президентіне ұсыныс жасады. Президент бұл ұсынысты референдумға шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл мәселе бойынша Конституциялық Кеңес өзінің оң қорытындысын да берді», — деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, Сенаттағы 43 депутат пен Мәжілістегі 103 депутат тарихи шешімді қолдап, дауыс берген.