Спорт

Паралимпиада ойындары аяқталды

Өткен жексенбіде Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жазғы Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Спорттық мереке «Маракана» стадионында болды. Паралимпиада – 2016 ойындарында 105 алтын, 81 күміс және 57 қола, барлығы 243 медальмен қытайлық команда бірінші орынды жеңіп алса, екінші орында Ұлыбритания. Бұл елдің қоржынында 147 медаль. Ал 117 медальмен Украина құрамасы үшінші орынға ие болған. Қазақстан бір алтын, бір күміспен 58 орынға тұрақтады. Рио ойындарында қазақстандық Зульфия Габидуллина жүзуден алтын медаль, Райшан Қойшыбаева пауэрлифтингтен күміс медаль иеленген болатын.

Мирас АСАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button