Жаңалықтар

Қоян да ақылды

 

ЖЫМ

  Қазақтың үш әріптен құралған сөзі жүйкеге жүк салып тұр. Моншақтай тізіп айтсақ, әуелі жаратылған сөзден бастайық. Сөз, көз, бөз, жүз, төр, шор, зор, мөр, төс, тұз, мен дегендердің түп төркіні түсінікті. Сонымен қатар, «жым» дейтін сөз бар. Бұл сөзді әкеммен аңға шыққанда жиі еститін едім.

Маңайды тазымен шолғанда, «қоян жымын білдірмеді» деп жымиятын. Желдей жүйткіген аңның соңынан қуған екі аяқты пендені аппақ қардың үстінде адастырып, қарасын көрсетпей кетуі – қайран қаларлық дүние. Мұны «қоянның жымын білдірмеуі» дейді. Қоянның жымын білдіргені – сырын бергені.

Қоян-екеш қоян да ақылды-ау…

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button