Отыз отбасы баспаналы болды

Наурыз мерекесі қарсаңында отыз отбасы баспаналы болды. Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов қуанышқа кенелген тұрғындарға пәтер кілтін салтанатты жағдайда тапсырды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған бес қабатты тұрғын үйден пәтер алу бақытына «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкі» арқылы жеңілдетілген несие негізінде кезекте тұрғандар ие болғанын айта кету керек. Қоныстой иелерін құттықтаған «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкі» облыстық басқармасының директоры Бауыржан Жуасбаев, жезқазғандық «Құрылыс» фирмасы директорының орынбасары Мұқит Сейітқазинов бүгінгі баспана әр отбасына құтты мекен, шаттықты шаңыраққа айналғанын тіледі. №13 мектеп мұғалімі Қаламқас Әбдібекова қуаныш иелері атынан алғыс айтты.

Әлібек ӘБДІРАШ,

Ortalyq Qazaqstan”