Қарағанды

Отбасы күніне арналды

  Қарағанды қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру және «Отбасы күнін» атап өту аясында облыстық «Жас отбасылар» спартакиадасы өтті.

Орталық саябақ сахнасы алаңындағы шараның өтуіне мұрындық болған – облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен облыстық жастар мен балалар ұйымдарының одағы. Cпартакиадаға Нұра, Осакаров, Қарқаралы аудандарынан, Қарағанды, Шахтинск, Саран қалаларынан 9 команда қатысты. Үш турдан тұрған жарыста жеңімпаз отбасылар анықталып, арнайы диплом сертификаттармен марапатталды.

1 орынды (150000 теңге) Саран қаласынан келген Горхтар отбасы жеңіп алды. ІІ орын (70000 теңге) Нұра ауданынан қатысқан Кокановтар отбасына бұйырды. Екі ІІІ орын (100 000 теңге) сертификатын Қарқаралы ауданынан келген Дүйсембаевтар отбасы және  Шахтинск қаласынан қатысқан Тілеубектер отбасы иеленді.

Аяулым СОВЕТ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button