Бас тақырыпРесми

ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәлімдеуінше,  сайлаушылардың 70,76 %-ы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берген.  

Қазақстан Республикасы бойынша тіркелген сайлаушылардың 77,4 %-ы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы:

Жамбыл Ахметбеков – 167 249 – 1, 82 %;

Дания Еспаева –  478 153 – 5, 2 %;

Әміржан Қосанов – 1 472 733 – 16,02 %;

Төлеутай Рахымбеков – 294 271 – 3,2 %;

Амангелді Таспихов – 190 304  – 2,07 %;

Касым-Жомарт Тоқаев – 6 504 054 – 70, 76 %;

Сәдібек Түгел – 84 348 – 0, 92 %.

 

Басқа материалдар

Back to top button