Осакаров ауруханасының дәрігерлері астананың Нұр-Сұлтан атануына қолдау білдірді

Біз Елбасы үндеуін зор тебіреніспен қарсы алдық. Осакаров ауданы орталық ауруханасының ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа елдегі тұрақтылық пен жарқын болашаққа деген сенім және халықтың әл-ауқаты үшін алғыс айтамыз.

Елбасының көреген, салиқалы саясаты қашан да біздің жүрегімізде. Оның жұмысы – әлемдік деңгейдегі саясаттың үлгісі.

Халқымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге дамудың барлық сатысынан өтті. 

Қайта жаңғыру мен реформа лебі еліміздің барлық саласын, азаматтардың тұрмысын толық қамтыды. Халықтың рухы, ой санасы жаңғырып, туған тіліміз, рухани құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз бен тарихи мәдениетіміз қайта оралды.

Аудандағы медициналық қызметкерлердің атынан елді көркейту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар үшін алғыс айтамыз. Елбасымыздың денсаулық сақтау саласын жіті бақылауда ұстауының нәтижесінде біздің медицинамыз қарыштап дамыды. Дәрігерлердің айлығы ұдайы өсу үстінде. Мамандарымыз ел ішінде және шетелдерде кәсіби біліктіліктерін арттыру мүмкіндігін иеленді. Қазір заман өзгерді, дәрігерлер үнемі ізденісте болуы керек. Әсіресе, жаңа технологиялардың тілін білу – маңызды.

Тұңғыш Президенттің басшылығымен «Денсаулық» Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Ол Қазақстандағы денсаулық саласын кезең-кезеңімен, 5 жылдың ішінде дамытуды көздейді.

Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тек саяси жеңістерді ғана емес, бейбітшілік, тұрақтылық пен бірлік, отбасы амандығы, балаларымыздың бақыты тәрізді қарапайым адами құндылықтарды да  байланыстырамыз.

Елбасымыздың өз өкілеттілігін тоқтатса да бізбен бірге қалатыны туралы үндеуін зор тебіреніспен қарсы алдық. Елімізді әлемнің дамыған 30 елінің сапына қосу үшін бізге  Елбасымыздың көреген саясаты қажет.

Елордамызды халық жүрегінде Ұлы Даланың шынайы патриоты, Ұлт көшбасшысы болып қалатын Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп атау туралы шешімді толық қолдаймыз.  

«Осакаров ауданының орталық ауруханасы» КМК ұжымы