Қос салаға – қомақты қолдау

   Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ қатысуымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, күн тәртібінде маңызды екі мәселе қаралды.

Соның алғашқысы – кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында медициналық қызмет көрсетудің көлемін ұлғайтып, спекторын кеңейту мақсатында дербес инвестицияларды тарту жобасы туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімет берді. Оның айтуынша, 2016-2017 жылдарға жоспарланған 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қол жеткізілді. Инвестиция ретінде тартылатын бұл жобалардың жалпы құны – 3,5 млрд. теңгені құрайтын болды.

Өңірдегі тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі де қаралды. Бұл туралы облыстың тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекова есеп берді. Аталған бағдарламаның екінші кезеңі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде жүзеге асырылды.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.