Бас тақырып

«Орталық» журналисі «Алтын сұңқар» сыйлығының лауреаты атанды

Бүгін Қарағанды қаласындағы «Достық үйінде»  облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығы табысталды. «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы Нұрқанат Қанафин аталмыш сыйлықтың «Мәнер мен атқарымдылық» номинациясының лауреаты атанды.

Нұрқанат Қанафин облыстың бас басылымында 7 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ол осы жылдар аралығында оқырман талғамынан шығып, өзінің шеберлігін көрсетті. Газеттің жаңа форматта қайта түрленуіне де өзінің сүбелі үлесін қосқан азамат.

Басқа материалдар

Back to top button