Жаңалықтар

«Орталық» – олжалы

Кешелі бері Арқаға сүйіншілеген хабарлар жетті. Айта кетейік…

Алдымен перизат поэзияның пернесін басып, зердесін ашқан Фариза Оңғарсынова атындағы республикалық жыр бәйгесінде «Орталықтың» түлегі, «Egemen Qazaqstan» газетінің бөлім меңгерушісі, ақын Мирас Асан Бас жүлдені еншіледі. Әріптесіміз, қиял тұлпарының жалынан ұстаған ақынның “өртке тиген дауылдай” (Қасым) өлеңдері тағы да бір мәрте тәнті етті. Бүгінгі әдебиетте өзіндік орны бар, дара дарынымен жұртшылықтың назарын аударған ақын шығармасы бірнеше үміткердің арасынан озық шықты.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен Сәкен Сейфуллин музейі ұйымдастырған «Жастықтың оты жалындап» деген айдармен жарияланған мүшәйрада «Мендік ғұмыр отпен тең» аталымы бойынша жүлдені «Ortalyq Qazaqstan» газетінің бөлім меңгерушісі, ақын Жәнібек Әлиман иеленді. Сонымен қоса, «Ortalyq Qazaqstan» газетінің Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары және Жаңаарқа, Ұлытау аудандары бойынша меншікті тілші, әріптесіміз Әлібек Әбдіраш Сәтбаев қаласы әкімінің қолынан “Кәсіби шеберлігі үшін” арнайы жүлдесін қанжығалады.

Жүлде құтты болсын!

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Back to top button