Облыс әкімі

Онлайн тіркеліп, көлік ұтып ал

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы автокөлік иелеріне арналған «Көлігіңді онлайн тіркеп, ұтып ал жаңа дөңгелек» байқауын өткізеді. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұтыс ойынының шарты бойынша тамыз айы бойы көлігін egov.kz электрондық үкімет порталында тіркеген барлық көлік иелері автоматты түрде қатысушы бола алады. Байқау жеңімпазына жаңа дөңгелектерді алуға мүмкіндік беретін сертификат табысталады.

Байқаудың негізгі мақсаты – автокөлік иелері үшін онлайн қызметтерді көпшілік арасында насихаттау және азаматтарды қызметтерді өз бетінше алуға ынталандыру.

Байқау 1-31 тамыз аралығында өтеді. Ұтысқа қатысушылардың тізімі жеке сәйкестендіру нөмірлерінен құралады. Жеңімпаздар кездейсоқ таңдау бойынша анықталатын болады. Ұтыс 1 қыркүйек күні сағат 15.00-де мемлекеттік корпорацияның инстаграмдағы @gov4c. kz парақшасында жүргізіледі.

Байқау жеңімпазына жаңа дөңгелектер алуға мүмкіндік беретін сертификат беріледі. Жеңімпаз оларды қалауынша көлігінің маркасына сай қылып ала алады.

Бұдан бөлек, жұбаныш сыйлықтары да ойнатылады. Ұтысқа қатысушылар сақтандыру полисін, көлік жуу орталығына абонемент, бейнетіркеуіш, май ауыстыру, бак толы жанармай ұтып ала алады.

Айта кетейік, автокөлікті қайта тіркеу үшін көлік иелерінің электронды цифрлық қолтаңбасы болу керек. Жыл басынан бері елімізде 26 мың көлік онлайн тәсілмен рәсімделген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button