Жаңалықтар

Онлайн-қабылдауға 447 сұрақ келіп түсті

Қарағанды облысының тұрғындары «Жолдағы қабылдау» онлайн-акциясына қатысты. Полиция департаментінің халықпен онлайн-байланысы әлеуметтік желілердегі  ресми аккаунттарда өтті.


Акция барысында Қарағанды облысының ПД және аумақтық бөлімшелердің басшылары «сұрақ-жауап» форматында 59 рет тікелей эфирге шықты. Тұрғындардан барлығы 447 өтініш түсті.
Адамдарды көбіне ТЖ режимін сақтауға қатысты мәселелер қызықтырды. Ондай өтініштер саны 379 болды. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын сақтау бойынша – 14, жүргізуші куәліктерін алу және айырбастау бойынша – 11, полицияның басқа қызметтері бойынша – 6, әкімшілік тәжірибе және айыппұл төлеу бойынша – 4, Көлік құралдарын тіркеу бойынша – 1 өтініш. Сонымен қатар, полиция қызметімен байланысты емес 28 мәселе көтерілді.

Сұрақ қойған азаматтардың барлығына жауап берілді.

Басқа материалдар

Back to top button