ЖаңалықтарҚарағанды

Он сегіз кітап өңірімізге жеткізілді

Бейсенбі күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті кітапханасында айтулы шара өтті. Яғни, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген 18 кітап таныстырылды.

Фото: karaganda-region.gov.k

Мемлекеттік тілде жарық көріп отырған жаңа кітаптар аталған білім ордасына 17 ма- мырда жеткізіліпті. Енді, міне, барды бағамдап, кітапхана бөлімдеріне тең таратылғаннан кейін, арнайы таныстырылым ұйымдастырылған. Байқағанымыздай, университет қызметкерлері мен тәлім алушылары осынау оқулықтарға барынша қызығушылық танытуда. Білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері жиналып, кітап бетін парақтап, оқылуы мен безендірілуіне өзіндік бағаларын беріп жатты.

 – Осы университеттің эконо- микалық бағытын ескере оты- рып, шәкірттеріміздің қай оқулыққа деген сұранысы басым екендігін бағамдау қиын емес. Орыс тілінде жарық көрген кітаптарды өздері қазақ тіліне тәржімалап, әжептәуір әбігерге түсе-тұғын. Енді, бұдан былай ол қиындықтар студенттерімізге кедергі болмайды деп сенемін. Себебі, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру негізінде жарық көрген бұл кітаптар тікелей түпнұсқадан аударылған. Бұл жобаның негізгі ұстанымы да сол еді. Сөйтіп, осы 18 кітаптың 16-сы ағылшын, 1-еуі француз және тағы 1-еуі орыс тілдерінен аударылды, – деді университет кітапханасының директоры Гүлден Жабаева.

Сондай-ақ, тәржімаланған кітаптарға қойылған талапта қатаң болды. Бұл оқулықтар қажеттілік тұрғысынан көпшілікке танылған, кемінде 3-5 мәрте қайта басылып шыққан және кейінгі жарық көрген нұсқасы 3 жылдан аспау керек еді. Сонымен қатар, аталған кітаптардың басым бөлігі әлемдік алдыңғы қатарлы білім ордаларында пайдаланылады.

 – Әр оқулық 10 000 данамен жарық көрді. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Мұнымен қоса, оқулықтардың электрондық нұсқасы мен мультимедиялық курсы тағы бар. Ол да жуырда көпшілік назарына ұсынылады деген ойдамыз. Негізі, оқулық жарық көрмес бұрын қойылған басты талаптардың бірі де осы құрамдас бөлік ретінде оның онлайн нұсқасы болуы еді, – деді кітапханашы Сандуғаш Кәукенова.

Күн санап, жаңа термин сөздер де көбейіп келе жатқаны белгілі. Осы жайтты ескере отырып, аудармашылар оқулықта түсінік-сөздіктің (глосарийдің) болуын да ескерген екен. Яғни, студент белгілі бір терминді түсінбей жатқан кезінде сөздік ақтарып дал болмай, кітаптың соңғы беттерін парақтай салады. Сөйтіп, 18 оқулықпен бірге ана тіліміз де 3000 терминге байып отыр.

Білім ордасына барлығы 974 дана кітап келіп түскен. Аталған оқулықтармен білім ордасының шәкірттері мен оқытушылары кітапхананың оқу абонементінде немесе оқу залында таныса алады. Бұл аз десеңіз, жуырда кітаптардың электрондық нұсқасы да қолжетімді болмақ. Тіпті, алдағы жаңа оқу жылында осы кітаптар оқу бағдарламасында пайдаланылуы да міндеттелген көрінеді.

Рауан ҚАБИДОЛДИН,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button