Жаңалықтар

Қолданыста – жаңа ақпараттық технологиялар

          Сот билігінің халық үшін ашық, қолжетімді, жариялылық бағытты ұстануы – Мемлекет басшысы тарапынан қойылып отырған басты талаптардың бірі. Бұл тапсырмалар сот саласында өз деңгейінде орындалып келеді. Осы мақсатта заманауи технология негізінде Ұлытау аудандық сотында сот ғимаратына кірген сәттен бастап-ақ, азаматтарға жан-жақты қолайлы жағдай тудырылған.

Аудан тұрғындарының сот құжаттарының үлгілерін пайдалануға және сот өндірісіндегі істердің қаралатын күні мен уақыты туралы ақпаратқа қол жеткізуі оңтайландырылған. Осыған байланысты арнайы кабинетте орналасқан моноблогта Қарағанды облысы соттарының веб-сайттары көрсетіліп тұрады. Онда кез келген адам өзіне қажетті ақпаратты теріп, мәліметті жылдам алу мүмкіндігі бар. Сол кабинетте сот жүйесіндегі тың жаңалықтар туралы бейнероликтер көрсетіледі.

Бүгінгі таңда соттар «Төрелік» ақпараттық жүйесімен жұмыс атқаруда. Сот төрелігін іске асыру, сот ісін жүргізудің барынша ашықтығына қол жеткізудің басты тетігі – ақпараттық технологияларды қолдану тәсілі. Соның аясында 2014 жылдан бастап, сот ісін жүргізудің барлық бағыттары бойынша электронды түрде 50-ден астам қызмет түрлері ұсынылатын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі жұмыс істейді.

«Сот кабинеті» – сот орган­дарының сервисіне электронды түр­де қолжетімді біртұтас терезе. Сонымен қатар, СМС-хабарлама мен гибридтік пошта жүйесі енгізілді. Бұл сот шығындарын едәуір қысқарта отырып, процеске қатысушыларды хабарландыруды жеделдетуге мүмкіндік берді. «Сот кабинеті» сервисіне тіркелу үшін алдымен, халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлық қолтаңба алу қажет. Сервиске тіркелген әрбір тұлға электронды құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы болып саналады.

Ұлытау аудандық соты бұқараның сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру, сотқа жүгінуші тараптардың уақытын тиімді пайдалануы мақсатында сот ғимаратынан Халыққа қызмет көрсету орталығының оңтайлы тобын ашты. Арнайы бөлінген жұмыс кабинетінде ХҚКО-ның жауапты қызметкері азаматтарға орталықтан алатын қажетті анықтамалық құжаттарды және электрондық цифрлы қолтаңбаны беру қызметін жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда аудандық соттың сот залындағы аудио-бейне жазба құрылғылары «Төрелік» жүйесімен интеграцияланып, жүз пайыздық деңгейде жабдықталғанын атап өткен жөн. Осынау ерекшелік сот ісінің жариялылығы мен ашықтығына, әр азаматтың әділдікке еркін қол жеткізуіне оң әсерін тигізіп отыр.

Ақмаржан КАЛЕКЕНОВА,

аудандық соттың

бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button