Облыс әкімі

Облыс тұрғындарының белсенділігі

Қарағанды облысындағы заңдастырылған мүліктің жалпы сомасы 43 млрд. теңгені құрады.

Бұл активтердің негізгі дені – қаржылай қор. Мемлекеттік кірістер органдары 33,9 млрд. теңгені құрайтын 204 арнайы декларацияны ағымдағы шоттарға қаржы салу тәсілімен қабылдады. Тек, осы жылдың қыркүйек айының өзінде облыс тұрғындары 3,4 млрд. теңгені «көлеңкеден» шығарды.

Қаражаттан бөлек, облыс тұрғындары ҚР-дан тыс жерлерде орналасқан мүліктерін, өзге тұлғаның атына жазылған мүліктерін және заңды тұлғалардағы үлестерін де жария етті.

Облыс халқы жылжымайтын мүліктерін де заңдастыруда. Облыстың экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявская мәлімдегендей, қазіргі күнге дейін заңдастыру комиссиялары 592 өтінішті мақұлдаған. Ол арқылы жалпы сомасы 9 млрд. теңгені құрайтын мүлік жария етілген. Әсіресе, өтініштердің негізгі дені тұрғын үйге жатпайтын жылжымайтын мүліктерге байланысты келіп түскен.

Жылжымайтын мүлікті жария етуде Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларының, Жаңаарқа ауданының тұрғындары белсенділік танытуда. Керісінше, Приозерск қаласында ешбір нысан заңдастырылмаған. Әзірге мүлігін жария еткісі келетін азаматтардың өтініштері комиссияның қарау­ында.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button