ЖаңалықтарОблыс әкімі

Облыс әкімінде – жаңа орынбасар

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Марғұлан Сібірұлы КӘРІБЕКОВ облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

М.Кәрібеков 1964 жылы туған. Үш жоғары білімі бар, 1986 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2000 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2005 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Біліктілігі бойынша – тау-кен инженері, экономист, менеджер (мемлекеттік және муниципалдық басқару).

Еңбек жолын 1986 жылы Т.Күзембаев атындағы шахтада тау-кен инженері болып бастаған.

1990-2004 жылдары коммерциялық құрылымдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2004 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша бас­қармасының тізгінін ұстады.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімі болды, одан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияны реттеу жөніндегі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша депар­таментін басқарды.

2008 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қоршаған ор­таны қорғау министрлігі және Сыртқы істер министрлігі кәсіпорындары мен ұйымдарында түрлі басшылық лауазымдарда – «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары, «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» АҚ ди­рек­торының орынбасары, «ҚР СІМ шар­уашылық басқармасы» РМҚК директоры, ҚР СІМ материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры болды.

2014 жылдың тамыз айынан – «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, кейін 2015 жылдың ақпан айынан тағайындалғанға дейін Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button