Жаңалықтар

Қоқысты жағуға болмайды

Кейінгі кезде тұрмыстық қалдықтарды қаладағы қоқыс контейнерлерінде жағу оқиғалары жиілене түсті. Тұрғындардың басым дені қоқыс контейнерлерінің маңайындағы қатырма қағаздарды жою тәсілі ретінде жағу-өртеу тәсілін қолданады.

Алайда, олар желдің күшімен өрттің аула аумағына таралу мүмкіндігі бар екенін ескермейді, соның нәтижесінде жақын орналасқан ғимараттарға өрт қаупі төнетінін естен шығарып алады. Сондықтан да, қоқыс контейнерлерінің жанындағы жанғыш материалдарды жағып-өртеуге болмайды.

Қоқысты өртеу кезінде адам ағзасы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін улы газдардың бөлінетінін айта кету керек. Егер, жанып жатқан қоқысты көре қалсаңыздар, қолда бар құралдармен , яғни, су немесе топырақ шашып сөндіруге тырысыңыздар.

Қ.КАМАЛИДЕН,

ҚР ІІМ ТЖК КТИ

4-курс курсанты.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button