Оңтайлы әліпби – қазақ тілінің болашағы
Ұялы телефон жоқ, үйдің телефонымен барлық тұрғындар қамтылмаған өткен ғасырдың 7080 жылдарында жазуды күнделікті пайдалану алыстағы адамға хат жазу, біреуді іздеп таба алмасақ, тілдей қағазға хабарлама қалдыру, тіпті, үйге әр уақытта келетін бір отбасы мүшелері де бірбіріне қайда кеткенін, қашан келетінін, қандай тапсырманы орындау қажет екенін де қағазға жазып қалдырушы еді…
Ал, бүгінгі күні жазудың одан бірнеше есе қарқын алған кезі болып отыр. Өмірді жазусыз елестету мүмкін емес қазіргі кезде жазуды пайдаланбайтын адам кемдекем. Бұрынғыдай қағазға хат жазбасақ та, ұялы телефон арқылы сөйлескеннен гөрі бірекі ауыз хабарлама жазғанды жөн көретін кезде өмір сүріп жатырмыз.
Қазақ әліпбиінің кирилден латынға ауысуына байланысты атқарылып жатқан ісшаралардан көпшілік хабардар болып отыр және оның маңыздылығын да түсінгендей.
Әліпбидің бірнеше нұсқасы талқыланып, қазіргі қолданылып жүрген акутты әліпби бекітілген соң жаңа жазуды пайдалана бастаған жазар ман кейбір таңбалардың қолайсыздық туғызатынын байқады.
Көпшілік тарапынан й мен удың халықаралық қолданыстағы нұсқасының (i, u) болмауы, ш мен чның диграфпен берілуі, ы мен удың акутпен ғана ажыратылуы, і мен йдің бас әр пінің бірдей болуы, т.б. қатысты пікірлер мен ұсыныстар болды.
Бұл әліпбиде диакритикалық таңбаны, яғни акут дауысты да, дауыссыз дыбыс таңбаларына қойылған. Акут диакритикасының дауыстылардың жуанжіңішкелігін көрсетуге сәйкес келгенімен, дауыссыздардың таңбасына қойылуы қиындық туғызғанын айтуға болады, себебі, аталған диакритика екпінді беруге, ашық немесе қысаң дауыстыларды ажыратуға, дауыс тылардың созылыңқылығын көрсетуде пайдаланылады. Біздің әліп биде дауыстыларға қоса ғ, ң, у дауыссыздарын таңбалауда кездесуін, әсіресе у әрпінің акутпен берілуін қа былдау қиын, диакритикалық таңба дауыстыдауыссыздарға қатысты ажыратылғаны дұрыс.
Сондайақ, і (i) мен йдің (ı) бас әріп таңбасының (і) бірдей болуы да аталған әріптерді тануда, көзшалымда қиындық туғызды. INI, INELIK, KIIM сияқты сөздерді бас әріппен жазу барысында і мен йді ажыратудың оңай емес екені белгілі.
Әліпбиде ш (sh) және ч (ch) әріптерінің қосар әріппен таңбалануы, соның ішінде s мен h қатар келген сөздерде екі түрлі оқылатындығы туралы көп айтылды, оның үстіне «бір дыбыс – бір таңба» принципіне сәйкес келмеді.
Акутты әліпбиде ы (y) мен удың (ý) бірдей әріппен беріліп, тек акутпен ажыратылуы, й (ı) мен удың (ý) таңбасының халықаралық қолданыстағы нұсқасымен сәйкес келмеуі сияқтыларды да әліпбидің кемшін тұстары ретінде көрсетуге болады.
Сондайақ, әліпби нұсқасын ұсынушылардың көбі у дыбысының таңбасы ретінде w және u әріптерін жөн көргенімен, жаңа әліпбидің көпшілікке қолжетімді болуын ескерсек, басқа әріптерге қарағанда удың орнына u таңбасының болуы көңілге қонымды болмақ, себебі қай кезеңде де ағылшын, неміс, француз тілдерін үйрену арқылы таныс болған латын алфавитіндегі u көпшіліктің ұғымында кирилл әліпбиіндегі удың көрінісі болып қабылданады. Басқа әріппен алмастыруға келмейтін a, b, d, e, k, l, m, n, r, t әріптері сияқты халықаралық қолданыста қалыптасқандардың қатарына у мен йдің таңбасы ретінде u мен i орныққан әріптер ретінде қа былдайтынымыз белгілі.
Кей әріптерді өзіміз білетін шетелдік әліпбилер немесе халықаралық қолданыстағы берілуі санамызға сіңіп қалғандықтан, мүлде басқа дыбыстарды таңбалайтын әріптер ретінде қабылдау қиынға соғады.
Бүгінгі таңда қолданыстағы латын әліпбилі жазуды жетілдіруге байланысты жұмыстар жүріп жатқан кезде ү, ұ, у дыбыстарының таңбаларына да баса назар аударған жөн.
У дыбысының таңбасы ретінде u әрпінің қолданылуына және ү мен ұның жуанжіңішке сыңары ретінде бірдей сипаттағы u әрпіне қосымша диакритикалық таңба қою арқылы белгілеу оқылым, жазылым кезінде қиындық туғыза қоймас.
Үш дыбысты бірдей таңбамен беру кезінде міндетті түрде екеуінде диакритикалық таңба орын алады, сондықтан уды u түрінде, ү мен ұны таңбауда қосымша белгіге сүйенеміз. Үшеуі кирилл әліпбиінен ұқсас таңбалар қатарында болғандықтан, жаңа әліпбиде де бірдей таңбамен белгілесек, қабылдауда оңай болады.
Бүгінгі таңда болып жатқан әліпбиді жетілдіру жұмыстары жоғарыда көтерілген мәселелер төңірегінде іске асуда. Жазуды қолына қалам ұстаған жас баладан ғасырға жуық өмір сүріп жатқан қарттарымыз да пайдаланатынын ескерсек, жаңа жазуымыздың көпшілікке ыңғайлы да түсінікті болғаны абзал.
Қазақ тілінде 28 дыбыс болса, уақыттың өзгеруі, төл сөздерде болмаса да, басқа тілден енген сөздердің құрамында қолданылуының әсері нен 3132 дыбысты пайдаланып жүрміз. Осы 3132 дыбыстың таңбасын беруде пернетақтадағы 26 әріп жеткіліксіз болғандықтан әр түрлі диакритикалық таңбаларға, фонетикалық әліпби таңбаларына жүгінеміз. Диакритикалық таңбалар ретінде көп жағдайда гравис, акут, бревись, гачек, циркумфлекс, седиль, умлаут, макрон, тильда сияқтылар қолданылады.
Әліпбиді жетілдіруге байланысты да қарқынды жұмыстар атқарылып, ғалымдар тарапынан жаңа әліпбидің оңтайлы нұсқасы ұсынылды.
Бұл нұсқаның жалпы сипаттамасы ретінде Ш.Шаяхметов атындағы «ТілҚазына» ұлттық ғылымипрактикалық орталығының ғалым хатшысы Анар Фазылжанова төмендегідей түсініктеме берген: «Әліпбиде 31 әріп бар, оның 4уі умлаут, бревис, макрон, седиль диакритикалық таңбасы арқылы берілген. Әрбір диакритикалық белгі тіліміздің дыбыстық ерекшелігіне қарай, дауысты мен дауыссыз дыбыс таңбасына бөлек, өзара ажырап қолданылған, яғни әліпбидегі әр диакритиканың өз қызметі бар. Мәселен, Ә, Ө, Ү жіңішке дауысты дыбыс таңбасына – умлаут; жу ан дауысты Ұ дыбысына – макрон, ұяң Ғ дауыссызына – бревис, ызың Ш дауыссызына – седиль алынды.
Бұл оқылым үдерісін жеңілдетеді, тіліміздің дыбыс қорының әліпбиіде айқын көрінуін қамтамасыз етеді, сондықтан ғалымдар шартты түрде бұл әліпбиді тіліміздің дыбыстық жүйесін айқын көрсететін нұсқа деп атап отыр.
Бұл қазақ жазуының әлемдік графикалық кеңістіктегі түсініктілік деңгейін арттырады».
Яғни, бұл нұсқада Ә – Ä, Ө – Ö, Ү – Ü, Ғ – Ğ, И – İ, і [і] – іɪ, Ң – Ŋ, Ұ – Ū, Ш – Ş таңбаланған, ал сҺ (Ч) таңбасын әліпбиден алып тастау ұсынылған.
Аталған нұсқаны екі жылдай акутты әліпбиді қолданған қауым ұтымды әліпби ретінде қабылдап жатыр. Оған Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен әліпбиді жетілдіруге қатысты ісшараларлда куә болдық.
Әліпби ауыстыру бір әріптің орнына екінші әріпті қою емес екендігін қарапайым халық та түсінгендей. Үйренуге де, үйретуде жеңіл әрі қазақ дыбыстарының табиғатын аша білетін әріптерді әліпбиде қолдану арқылы ұтарымыз көп болмақ.
Мархаба ТҰРСЫНОВА,
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақ тілін дамыту және латын графикасына аудару орталығының жетекшісі, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық топтың мүшесі филология ғылымдарының кандидаты, доцент.