Пікірлер

Қоғамды дамытудағы митингілердің рөлі

Соңғы уақытта қазақстандық қоғамда митингілер тақырыбы мен халықтың пікірін білдірудің басқа да тәсілдерінің өзектілігі артты. Альберт Хиршман өзінің атақты «Дауыс, шығу және адалдық» атты белгілі жұмысында бір компанияға немесе халықтың бір бөлігіне қатысты тұтынушы ретінде билік туралы үш опция бар: адалдық, шығу және дауыс деп атап көрсеткен еді.  өзінің дауыспен қоғамда қандай да бір мәселелерді шешу ұстанымымен келіспейтінін алға тартқан.

Хиршман дауыс сынды келіспеу нысанының маңыздылығы мен заңдылығын мойындай отырып, егер келіспеушілік білдіру тым ауқымды болса, онда мұндай наразылықтың теріс салдары – қоғам өміріне қажетті түзетулер енгізу ниетінің оң мақсаттардан асып кету мүмкіндігі деп атап өтті. Сондықтан, әрбір қоғамда өзекті мәселелерді шешудің қолданыстағы тәртібімен келіспейтіндігін білдірудің белгілі бір ережелері әзірленеді. Бұл ережелердің екі жағы бар: адам мінез-құлқының тарихи бекітілген әлеуметтік нормаларының жиынтығымен байланысты формальды-заңды тұсы және неғұрлым терең мазмұнды, басқалармен немесе билікпен өз келіспейтінін білдіргісі келген кездегі қалпы.

Келіспеушілік пен наразылықты білдіру құқығының өркениетті түрде іске асырылуы үшін осы Ережелердің екі жағы да қоғам мен мемлекетте жеткілікті түрде айқын тұжырымдалуы және қабылдануы керек. Және мемлекет әзірлеп жатқан заң жобасы халық бөліктерінің келіспеушілігі мен наразылығын білдіру процесін формальды-заңдық негізбен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте, осы заңды дайындауға және қабылдауға жауап беретін мемлекеттік органдар ашықтық пен баламалы пікірлерді ескеру ниетінің жоғары деңгейін көрсетті. Мәселен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі түрлі өңірлерде митингілер туралы заң жобасын талқылау топтамасын өткізді. Кейін, ел Парламенті Мәжілісінде онлайн талқылау жүргізілді. Оған барлық жетекші қазақстандық сарапшылар, сондай-ақ, бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл талқылаулар бейбіт жиналыстар мен митингілер туралы заң жобасын айтарлықтай жан-жақты етуге алып келді. Қазір оны өзінің келіспеушілігін білдіру және жалпы қандай да бір мәселелер бойынша жария пікір білдіру жөніндегі халықтың демократиялық құқықтарын қамтамасыз ету туралы негізгі әлемдік талаптарға толық сәйкес деп есептеуге болады.

Бірақ, біз халықтың келіспеушілік пен наразылығын, өзінің жария пікірін білдіру құқығы туралы айтқан кезде осы құқықтың мазмұндық жағын, яғни, қоғам проблемаларын шешу тәсілі ретінде митингілердің мәнін есте сақтауымыз керек. Және бұл құбылысты құқықтық реттеуге қарағанда, қоғам өміріндегі митингілердің рөлін түсіну маңыздырақ. Өйткені, мұндай түсініксіз қоғамдық проблемаларды шешу үшін митингілердің рөлін жете бағаламаймыз немесе асыра бағалаймыз. Әзірге, әрине, біз қоғамдық проблемаларды шешу үшін митингілердің мәнін қайта бағалауға байланысты екінші позицияның айқын басымдығын байқаймыз.

Қоғамдық проблемаларды шешу және оны тұтас демократияландыру үшін митингілердің рөлін мұндай қайта бағалау – қазақстандық қоғамдағы қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси теорияның дамымағандығының салдары. Ал, оны қайта жаңғырту үшін қоғамда нені өзгерту керектігін жете түсінбейміз. Ал, жаңғырту тарихы оның табыстылығы, ең алдымен, саяси акциялар емес, адамдардың өнімді қабілетін дамытуға байланысты ең маңызды өмірлік ұстанымдарды өзгерту бойынша тұрақты күш-жігер қажеттігін айтады. Олар дауыс беру немесе митингілер арқылы өзгертілмейді. Біздің ойлауымыз бен мінез-құлықтық ұстанымымызды өзгерту үшін дауыс беру актісі мен митингілер өткізгеннен де көп нәрсе қажет. Біз адамның сайлауға қатысу үшін кабинаға кіріп немесе митингке шығу арқылы керемет дамып кетпейтінін түсінуіміз керек. Сайлау учаскесінен және митингіден үйіне өзінің бүкіл өмірінде қалыптасқан бейімділігі мен әдеттері бар сол адам қайтып келеді ғой.

Митингілер немесе тек сайлау арқылы демократияны орнатудың мүмкін еместігі, кейде қоғамда демократияны құрудың ең төменгі алғышарттары болмаған кезде де көптеген елдер «Демократияландырудың үшінші толқынын» бірнеше рет көрсетті. Бұл ақиқатты және соңғы онжылдықтағы кеңестік кеңістіктегі саяси оқиғалар, ал, соңғы жылдары «Араб көктемі» деген жалпылама атау алған оқиғалар тағы да растады. Посткеңестік және араб елдерінің бір де бірі дамыған азаматтық қоғам және кемел саяси теория мен күрделі саяси мәдениет болмаған соң демократияны тағылымды түрде бекітіп, өзінің ескірген қоғамдық проблемаларын шеше алмады. Сондықтан, біз митингілер мен ереуілдердің нақты проблемаларды шешу тәсілдерінің бірі ғана бола алатынын түсінуіміз керек, бірақ олар саяси құрылымды, әсіресе, қоғамдық жүйені өзгертудің негізгі тәсілі болмауы тиіс.

Егер, біз митингілер мен басқа да наразылық акцияларын өткізу тәжірибесін қарастырсақ, онда, олардың рөлі мен салдарын түсіну, ең алдымен, қоғамның даму деңгейіне байланысты екенін ұғамыз. Күрделі қоғамдарда митингілер мен наразылық акциялары абсолюттелмейді, бар болғаны проблемаларды шешудің көптеген тәсілдерінің бірі болып табылады. Күрделі көзқарастар мен практикалар қалыптаспаған қоғамдарда митингілер мен наразылық акциялары, көбінесе, қоғамдық өзгерістердің негізгі тәсілімен ғана ұсынылады. Бірақ, әдетте, көшелерге көпшілікті шығаратын эмоциялық екпін қоғамның жүйелі проблемаларын мұндай тәсілдермен шеше алмайды. Қоғам өзгергенде, олардың әлеуметтік-мәдени қасиеттері өзгереді. Ал, ол баяу дамитындықтан, біз мұны қаламаймыз. Негізгі әлеуметтік-мәдени қасиеттерді сақтай отырып, барлық басқа да өзгерістер қоғамның қалаулы өзгеруін қамтамасыз ете алмайды.

Есет ЕСЕНҒАРАЕВ,

Қазтұтынуодағы ҚЭУ экономикалық және

зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері.

Басқа материалдар

Back to top button