Жаңалықтар

Никита Амоскин Шахтинск жастарымен кездесті

“Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының жеңімпазы, спорттық акробатика бойынша әлем чемпионы Никита Амоскин Шахтинск жастарымен кездесіп, өз жетістігінің құпиясымен бөлісті.  Спортшы А. Ысмайылова атындағы балалар көркем-сурет мектебінде өткен кездесуге анасы, әжесі және  жаттықтырушысы Ботагөз Байбақушеваны ерте келіпті.

Кездесу барысында Никита өзінің жоспарларымен және алға қойған мақсатымен бөлісті. Жиырма жастағы жоба жеңімпазы қатарластарын қиындықтан қорықпай, қашанда алға ұмытуға шақырды. Әріптесі  Анастасия Долганюкті мысалға келтіре отырып, командалық рухтың маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, кез келген адам әлем чемионы бола алады. Бастысы соған ұмтылу керек.
Никита Амоксин Новодолинский ауылында дүниеге келген. Спортпен бала кезінен бастап айналысқан. Алдымен грек-рим күресіне қатысады, кейін отбасының кеңесі бойынша  спорттық акробатикаға ауысады.

Басқа материалдар

Back to top button