Жаңалықтар

Өнерімен – өрелі

   Қазақстанның ең ірі облысы саналатын Қарағанды аймағы өнерлі мен өреліге әсте де кенде болған емес. Мұндайда, облыстық деңгейде ұйымдастырылатын атаулы күндер мен мемлекеттік мерекелерде сахна ажарын кіргізетін бишілер қауымын ескерусіз қалдыруға болмас. Міне, ел мерейін асырып, балғындарды бабына келтіріп, би өнерінің биігіне жетелеп жүрген арда азаматтардың бірі – Нұрлан МҰҚАТАЕВ.

Кейіпкеріміз қарагөз Қарағанды қаласындағы «Нұрби» хореографиялық ұжымының же­текшілік. Ал, би ұжымына жетекішік ету дегеніміз – қарапайым қоюшы-хореограф деген ұғымының ауқымынан асып түсері белгілі. Себебі, оңы мен солын әлі ажырата қоймаған балдыр­ғанның ойына өріс, бойына қуат беріп, жігерін жанып, үлкен сахнада өзін еркін ұстауды үйрету – екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Мұнымен қатар, балет артистерімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болу, қаржы мәселесі мен өз ұжымының қайталанбас жарқын бейнесін қалыптасытру қызметі тағы бар.

Нұрлан Мұқатаев 1976 жылы Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданының Қарақұдық ауылында дүние есігін ашқан. 1999 жылы мәдени-ағартушылық училищесін «Көпшілік театрландырылған іс-шараның режисері» мамандығы бойынша тәмамдап, сол жылы Теміртау қаласындағы кішкентай көрермендер театрына қызметке орналасады. Аталған мекемеде 2001 жылға дейін еңбек етіп, кейін, 2005-2007 жылдар аралығында №36 жалпы білім беру мектебінде ырғақпен жұмыс жасау бойынша ұстаздық етті. Ал, 2007-2016 жылдары Қарағанды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шахтер» КМҚК-де «Нұрби» балалар мен жасөспірімдер клубында нұсқаушы-дәскер ретінде қызмет етті. Сөйтіп, 2016 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Жаңа Майқұдық мәдениет Үйінде «Нұрби» хореографиялық ансамблінің жетекшісі болып жұмыс жасап келеді.

Кейіпкеріміздің жетекшілігі­мен аталған ұжымы қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысып, 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар мен Бас жүлделерге қол жеткізді.

Хореографиялық ұжымға жетекшілік ете отырып, Нұрлан Мұқатаев халық шығарма­шылығы мен көркемөнерпаздар дамуының заманауи жағдайымен, жаңғыру үдерісімен жіті танысқан. Сондай-ақ, көркем­өнер шығармашылығын ұйымдас­тыру қағидасын да жақсы біледі. Оқу-тәрбие кезіндегі әдістеме мен ұйымдастыру жұмысын да назардан тыс қалдырмайды.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button