Аймақ

Өндірісшілер қайырымдылығы

Жәйрем кен-байыту комбинатының кәсіподақ ұйымы жанынан «Қайырымды өндірісшілер» еріктілер тобы құрылды. Ол осында еңбек ететін белсенді жұмысшы жастардан құралған.

«Казцинк» компаниясы еріктілер қозғалысына ерекше назар аударып отыр. Жалпы бұл қуатты өндірістік құрылым көмекке мұқтаж көптеген адамға – тұрмысы төмен отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға, әсіресе мүгедек балаларға бұған дейін де ұдайы көңіл бөліп келеді. Енді, Еріктілер жылында жүйелі жұмыс жүргізетін арнайы топ ұйымдастырды.

«Қайырымды өндірісшілер» өз жұмысын Жаңа жылдың алғашқы күні бастаған. «Әркім Аяз ата бола алады» акциясын өткізіп, Аяз ата мен Ақшақар кейпіне кірген қыз-жігіттер екі күн Қаражал- -Жәйрем өңіріндегі бюджеттік мекемелерді аралап, сыйлық таратты. Мүмкіндігі шектеулі 46 баланы арнайы барып құттықтады, 5 көпбалалы және 2 тұрмысы төмен отбасында болды. Ересекті балалық шағына саяхаттатып, бүлдіршінді ертегі әлеміне енгізген еріктілер баланың қуанғанын қызықтап, үлкеннің алғысын алды. Еріктілер тобы әр ай сайын екі-үш қайырымдылық іс-шарасын өткізуде.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button