Жаңалықтар

Наурыз көже туралы аңыз


Қазығұртқа Нұх Пайғамбар кемесі күн мен түн теңескен кезде тоқтапты. Бұл наурыз айының 21 – нен 22 – не қараған түні екен. Пайғамбар топан су апатынан аман қалғанына шүкіршілік етіп, Құдайы тамақ бермек болады. Кемедегі азық – түлікті қараса, қап түбінде алақандай ет, бір – екі құрт, бір уыс бидай мен жүгері, тары, су, бір шөкім тұз қалыпты. Нұх Пайғамбар: «Тәуекел!» – дейді де, барлығын қазанға салып пісіреді. Тағамды әр былғаған сайын Алланың есімін айтып ұлықтайды. Алла Тағала періштелерге:

– Көрдіңдер ме? Мен үшін қолдағы барын салып, ас беріп жатыр. Барып, қазанына Кәусар бұлағынан су тамызыңдар, берекемді шашыңдар, – дейді. Пəруəрдігердің пəрменімен періштелер жиналып, қазанға Кəусардан су тамызып, береке шашады. Осылайша жеті түрлі дәмнен жасалған тағам берекелі асқа айналады. Жан – жануар, аң – құс жиналып, Пайғамбар қазанынан дәм татады. Содан бері Нұхтың бұл тағамы «Тілеу көже» немесе «Наурыз көже» деп аталыпты. Наурыз күні адамдар мен жануарларды тойдыру Нұх пайғамбардан мирас боп қалған екен деседі.

Əз-Наурыз құтты болсын!

Басқа материалдар

Back to top button