Жаңалықтар

Нақты шаралар қолға алынуда

    Облыс әкімдігінде Теміртау қаласындағы экологиялық жағдайды зерттеу бойынша жұмыс тобы кезекті жиналыс өткізді. Топ мүшелері, тек, жедел шараларды ғана емес, сонымен қатар, болашақ жоспарларды да талқылады. Алдағы уақытта металлургтер қаласындағы экологиялық жағдайды қалыпқа келтіру бойынша шаралар кешені құрылатын болады.

Облыс әкімінің осыған дейін берген барлық тапсырмалары бойынша Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен жүргізілетін шаралар жоспары құрылған. Ол бастамашыл топтар мен қоғамдық ұйымдардан келіп түсетін барлық ұсыныстарды ескере отырып, толықтырылады және жетілдірілетін болады. Бұл шаралар жоспары облыс әкімімен бекітіліп, соған сай ауқымды жұмыстар басталады, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров.

«Ұсыныстар баршылық. Ірі өндірістік кәсіпорындарда экологиялық аудит өткізуден бастап, жасыл желектерді инвентаризациялауға дейін қамтылған. Бірде бір бастама назарсыз қалмайды», – деп сендірді билік өкілдері.

Кейбір пункттер бойынша қазірдің өзінде шешімдер қабылданған екен. «АрселорМиттал Теміртау» өкілдері экологиялық аудит өткізуге дайын екендерін жеткізді. Өз кезегінде мемлекеттік органдар кәсіпорындар қоршаған ортаны қорғауға қаншалықты атсалысатынын бағалайды. Бұған қоса, металлургтер қаласында бақылаусыз ластаушылар анықталатын болады.
Тапсырмаларға сай, «Қазгидромет» Теміртау қаласында ластаушы көздерді анықтау үшін атмосфералық ауаның жағдайын жергілікті бақылау орнатқан. Жұмыс тобына Қазақстанның кәсіби экологтары тәуелсіз қауымдастығының өкілдері жұмылдырылды. Үш топ ең ластанған жерлерден қардың үлгілерін алды.

Зертханалық зерттемелерді «Экоэксперт» ЖШС сынақ орталығы өткізіп жатыр. Нәтижелерін осы аптаның соңына қарай ұсынуға уәде берді.

Бір-бірімен салыстыру үшін қардың беткі қабаты мен тереңірек жерінен үлгілер алынды. «Бұл – әдеттегі жағдай ма, әлде, апаттық зиянды қалдық шығарумен байланысты ма, жоқ па?» екенін анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ластаушы заттар бойынша құрамаларын анықтап жатырмыз. – деп түсіндірді фирма директоры Виктор Матонин.

Қарағанды гидрометеорологиялық орталығы директорының орынбасары Валерий Стратиенконың айтуынша, атмосфералық ауаның үлгісін алу үшін қаланың түрлі аудандарынан бес нүкте таңдалған. Метеопараметрлермен бірге жасалатын бақылаулар тоғыз ластаушы заттар бойынша жүргізілуде: азот диоксиді және оксиді, аммиак, күкірт диоксиді, күкіртсутек, өлшенген заттар, формальдегид, көмірсутек, көміртек оксиді. Апта басынан бері мониторинг кейбір жағдайларда күкіртсутек және көміртек оксиді бойынша ШҰК (шекті ұйғарынды концентрация) асырылуын көрсеткен.

Тәуелсіз экологтар қолайсыз метеожағдайларды (ҚМЖ) болжау тәртібін заңды тұрғыда бекітуді ұсынды. Сонымен қатар, олар ластану картасын құру бойынша жоба ұсынды.

Жағдайды бір реттік үлгі алу арқылы объективті түрде бағалау мүмкін емес. Бір жыл аралығындағы әсерді зерттеу қажет. Ол үшін қыстың соңында қар жабындысынан үлгі алып олардағы әдеттегі ластануды анықтау керек. Сонан соң салыстырмалы сараптама өткізіп, осы негіздемемен ластану картасын құруға болады. Қорытынды нәтиже – зиянды әсерді төмендетуге мүмкіндік беретін шаралар жоспарын құру, – деп бөлісті өз ойымен «ЭкоМузей» ҚҰ директоры Дмитрий Калмыков.

Келесі жолы жұмыс тобы қар үлгісінің зертханалық зерттеулер нәтижесі алынған соң бас қосады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button