Ұн зауыты ашылды

Теміртаудағы ұн зауыты биылғы алғашқы өнімін шығарды. Кәсіпорын жылдар бойы тоқтап тұрған. Мемлекеттік және жекеменшік әріптестігі арқасында қайта іске қосылды. Енді міне, жөндеу жұмысына салынған 300 млн. теңге инвестиция өз жемісін бере бастады.

Ұн тартатын зауыттың алғашқы шығарылымы 45 тоннаны құрады. Зауыт тәулігіне 110 тонна ұн өндіреді. Егер, зауыт жанынан қосымша наубайхана салынса, жұмыс көлемін еселеп, нарықтағы ұн бағасын тұрақтандыруды қолға алмақ. Айта кету керек, ұн зауытының қондырғылары көп жылдан бері жаңартылмапты. Ескі тәсілі тиімсіз болған соң түрік елінен зауытты жаңа деңгейге көтерер қондырғы әкеліп орнатқан. Енді автоматты қондырғылар шығынды азайтып, нәтижесінде ұн бағасының төмендеуіне сеп болмақ. Он жыл бойы қаңтарылған кәсіпорынды сатып алған «ТСТ-2006» фирмасы  ұн зауытының ең бастысы – өндіріс ырғағын сақтауды жолға қойып отыр. Сонымен қатар, 50 адамды жұмыспен қамтыды.

Нұрдос КӘРІМ

ТЕМІРТАУ қаласы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.