Нұра ауданында – жаңа әкім

Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Нұра ауданының жаңа әкімін аудан активінің жиынында таныстырды. Бұл қызметке Есет БАЙКЕН тағайындалды. Өңірдің жаңа әкімін таныстырған аймақ басшысы ауданды дамыту бағытында атқарылуы тиіс бірқатар мәселелерге тоқталды. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асуы қажет шаралар бойынша тапсырмалар берді.

Есет Берікұлы Байкен 1986 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршын ауылында дүниеге келген.

 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.

2010 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған.

Біліктілігі бойынша экономика бакалавры, құқықтану бакалавры. Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші, бас маман ретінде бастаған.

2010 жылдан «Астана қаласы әкімдігі аппараты» ММ әлеуметтікмәдени сала бөлімінің бас маманы.

 2013 жылы Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, «Астана қаласы әкімдігі аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің жетекшісі болып тағайындалды.

2016 жылы ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісінің Хатшылық сарапшысы қызметіне тағайындалды.

2017 жылдан бастап Нұра ауданының әкімі лауазымына тағайындалғанша ҚР Президенті Аппаратының Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.