Нұр-Сұлтанда тағы 9 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 9 адам тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Осылайша, елде індетке шалдыққандардың саны 97 адамға өсті. 

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында — 55 адам, Алматы қаласында – 34, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында — 1, Жамбыл облысында — 1, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, жалпы 97 науқас тіркелді», — делінген ақпаратта.