Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14  науқас тіркелді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бүгін сіздерге Алматы қаласында қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар анықталуда», — деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.

Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай — Нұр-Сұлтанда, 11 факті — Алматыда тіркелген.