Н.Нұрмақовқа

Жау жүрек, қыран көзді арыстаным,

 Жан қыйып халық үшін қарысқаның.

 Қатардан қазақ сорды қалдырмасқа

Бәйгеде ұлы дүбір жарысқаның.

Шешен тіл, фарасаттың саясында,

Ететін талмай қызмет данышпаным.

Атқан оқ, сермеген қол хата кетпей,

Түспейді табаныңа бар дұшманың.

Не қылса дертке шифа табылад деп,

Европа саяхлармен танысқаның.

Бір іске ғақылдаспақ болсаңыздар,

Уәғдаға хилаф қылмай табысқаның.

Әуелі Алла, екінші білер халқың

Риясыз көңліңіздің халыстарын.

 Азуы алты қарыс айдаһармен

Кезекті сөз жібермей салысқаның.

 Кезінде ғазиз жанды еттің фида,

 Халқыңның жібермеске намыстарын.

 Көздеген мәсәлләкке тез ерішіп

Хайырлы болғай еді шабыстарың.

 Қамалға қарсы шапқан қаһарманым

Жәһәләт микробларын тауыс бәрін.

Иншалла, халыққа берер үлкен тәһсір,

Жерлерде екі талай дауыстарың.

Міржақып ДУЛАТОВ.

«Оян, қазақ!» кітабынан.